АҚШ-та делегаттар съезге бір құлағын таңып барды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

АҚШ-та делегаттар съезге бір құлағын таңып барды

18.07.2024

АҚШ-та Республикалық партияның съезіне делегаттар бір құлағын таңып барды. Мұндай сән Дональд Трамп қастандық әрекетінен аман қалғаннан кейін пайда болды. Айта кетсек, сол митингте экс-президенттің құлағы жараланғаны белгілі. Қатысушылар өз құлақтарын дәкемен жабу арқылы Трампқа қолдау білдіргісі келген. Осы съезде Трамп президенттікке ресми түрде үміткер болып таңдалды. Бүгін ол ұсынысты қабылдап, төрт күндік жиынды қорытындылап сөз сөйлеуі керек.

Арыстан Рысбек


Хабарламаларға жазылу