Жамбыл облысында үйінді астында қалған жігіттің жағдайы тұрақталып келеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жамбыл облысында үйінді астында қалған жігіттің жағдайы тұрақталып келеді

19.07.2024

Жамбыл облысында жойқын жел кезінде үстіне қораның қабырғасы құлаған жігіттің жағдайы тұрақталып келеді. Беріктас ауылының 18 жастағы тұрғыны екі күннен бері жансақтау бөлімінде жатыр. Дүйсенбіде Тараздағы көпбейінді аурухананың нейрохирургия бөліміне ауыстырылады. Қазір Қордай ауданында дауыл мен тасқынның зардабын жою жұмыстары аяқталып келеді.

Беріктас ауылындағы барлық 219 абонентке газ берілді. Соғанды ауылындағы 70-ке жуық үй қуат көзіне қосылды. Екі елді мекендегі шатыры ұшқан 30-ға жуық үйдің төбесі жөнделіп жатыр. Аулалар қоқыстан тазартылған. Қақпатас өзеніне құлаған ағаштар алынғандықтан, су ағысы қайта қалпына келді. Ал тасқын кезінде ағып кеткен малдың саны бастапқыдан көп болып шықты.
Бегзат Болатбеков, Қордай ауданының әкімі:
Селден аққан малдың саны 13 басты құрады. Сонымен қатар Соғанды ауылының судың астында қалаған көпірі бойынша қазіргі таңда ауданның ЖКХ бөлімімен толықтай құрылысы басталды. Көпірді қалпына келтіру жұмыстары жүргізілуде. 

Данияр Әлімқұл

Хабарламаларға жазылу