Кеншілерге құрмет көрсетілді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Кеншілерге құрмет көрсетілді

19.07.2024

Президент Жарлығымен Павлодар облысындағы металлургтер де мемлекеттік наградалармен марапатталды

Елімізде жалпы өндіріс табысының 20 пайызға жуығы ОСЫ металлургия саласына тиесілі. Бұл сала әсіресе Павлодар өңірінде қарқынды дамыған. Ондаған мың адам тұрақты жұмыспен қамтылып, нәпақа тауып отыр. Бүгін Ақсу ферроқорытпа зауыты және «Қазақстан Алюминииі», «Қазақстан электролиз зауыты» кәсіпорынында жұмыс істейтін 35 маманға құрмет көрсетілді. Ал ауыр цехтарда табысты жұмыс істеп жүрген тағы 10 еңбеккер үйлеріне жеңіл автокөлік мініп қайтты.

Нұрхан Серғазин, металлург:

Металлургия саласы өте ауыр. Көптеген адамдар жұмыс істейді. Жұмыс енді қанша қиын болғанымен біз металлургия саласында жұмыс істейтінімізді мақтан тұтамыз. Бізді марапаттап, құрметтеп отырғандарына өте қуаныштымыз. Біз ойлаймыз осындай бізге артылған сенімді ақтаймыз. 

Болат Аманбаев

Хабарламаларға жазылу