Француз суретшісі Олимпиада медалистерінің атын жаңғырту үшін жұмыстан шыққан - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Француз суретшісі Олимпиада медалистерінің атын жаңғырту үшін жұмыстан шыққан

19.07.2024

Олимпия ойындары медалистерінің есімін қағаз бетіне түсіру үшін жұмысынан шыққан. Француз суретшісі Батист Шебассье Олимпиада жеңімпаздары мен жүлдегерлерінің атын жаңғыртудың ерекше тәсілін ойлап тапты. Ол қазір 1896 жылдан бастап Токиоға дейінгі байрақты бәсекеде алтын, күміс, қоладан алқа таққан 30 мың 249 атлеттің есімін ақ қағазға түсіріп әлек. Рулонның ұзындығы бүгінде 120 метрге жеткен. «Париж Олимпиадасына арнап дайындаған ерекше тартуым, дүбірлі дода кезінде көрермен көзайымына айналарына сенімдімін», - дейді 27 жастағы француз суретшісі.

Батист Шебассье, суретші:

Олимпиада ойындары кезінде әсіресе спортшылар көрсе екен деймін. Бәлкім, бір спортшы ата-әжесінің, туған-туысының аты-жөнін көріп қалар. Кезінде үлгі тұтқан адамыңның есімін мынадай өнер туындысынан көргенде ерекше күйге бөленеріңіз хақ. 

Қаракөз Тұрмағанбет


Хабарламаларға жазылу