Елімізде шомылу маусымы басталғалы 87 адам суға кетті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елімізде шомылу маусымы басталғалы 87 адам суға кетті

20.07.2024

Жаз басталысымен елімізде адамдардың суға кету оқиғалары жиілейді. Шомылу маусымы басталғанына бір жарым ай ғана уақыт болды. Осы аралықта республика бойынша 87 адам батып кеткен. Оның 35-і бала. Төтенше жағдай мамандары су айдындарына рейд шараларын күшейткен.

Мамандар Есіл өзені жағасында торуылдады. Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, қайғылы жағдайлардың басым бөлігі шомылуға тыйым салынған орындарда болған. Бүгінде қауіпсіздік үшін су айдындарында 399 объектілік құтқару бекеті бар, онда 3800 құтқарушы жұмыс істейді. Олар 160 адамды, оның ішінде 44 баланы құтқарған.

Динара Жарқынбек


Хабарламаларға жазылу