Қостанай облысында тасқыннан зардап шеккен тұрғындарға жаңа үйлердің кілті табысталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қостанай облысында тасқыннан зардап шеккен тұрғындарға жаңа үйлердің кілті табысталды

20.07.2024

Қостанай облысында тасқыннан зардап шеккен тұрғындарға жаңа үйлердің кілті табысталды. Табиғи апаттан аймақта барлығы 2 мыңнан аса үй бүлінген. Тұрғындардың деніне жаңа пәтерлер мен үй сатып алынған. Ал 103 отбасы өздері тұрып жатқан жерден баспана салып беруін қалаған еді. Құрылыс апаттан соң іле басталды. Алғашқы болып Қостанай қаласының Қонай шағынауданында 14, Қостанай ауданының Алтынсарин ауданында 21 үйдің құрылысы аяқталды. Ал шалғайдағы Жангелдин ауданының Тәуіш ауылында тұрғындарға 22 жаңа баспананың кілті табысталды.

Нұрбибі Жабағина, Тәуіш ауылының тұрғыны:

7 жан енді осы үйде тұрамыз. Осыған әйдік қуантыштымыз. Бұған қолымыз жеткеніне, осындай үй салып бергеніне қуаныштымыз. Енді апат болмасын.

Қанат Бозымбаев, ҚР Премьер-Министрінің орынбасары:

Шын жүректен мен сіздерге тілектеспін. Қоныстой деген әр адам үшін керемет нәрсе. Шаңырақатырыңыз тек бала-шағаның күлкісіне толсын.

Дәуренбек Әбдібек


Хабарламаларға жазылу