Атырауда бір үйдің екі баласы суға кетті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Атырауда бір үйдің екі баласы суға кетті

22.07.2024

Атырауда бір үйдің екі баласы Жайық өзеніне батып кетті. Қайғылы жағдай қала маңындағы Көкарна елдімекенінің тұсында болған. Алдын ала болжам бойынша, олар рұқсат етілмеген жерде суға шомылған. Төтенше жағдай департаментінің қызметкерлері 14 жастағы жасөспірімнің денесін сол күні кешкі 19:30-да 4,5 метр тереңдіктен шығарды. Ал екінші 13 жасар баланың денесі бүгін таңертең судан табылды. Осы оқиғаға байланысты мамандар тұрғындарға қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтауды ескертті.

Нұрсұлтан Нұрсейіт


Хабарламаларға жазылу