Елімізде 43 градусқа дейін күн ысиды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елімізде 43 градусқа дейін күн ысиды

22.07.2024

Осы аптада еліміздің бірнеше облысында аптап ыстық болады. Бұл туралы «Қазгидомет» мамандары хабарлады. 25 шілдеге дейін оңтүстікте сынап бағанасы 43 градусқа дейін көтерілуі ықтимал. Ал шығыста 35 градусқа дейін ыстық болады деген болжам бар. Оңтүстік-шығыста ауа температурасы 37 градусқа дейін көтеріледі. Төтенше жағдай мамандары мұндай күндері қауіпсіздік талаптарын қатаң сақтау керегін ескертеді.

Аптап ыстық кезінде балаларды су айдындарына, жағажайлар мен су қоймаларына жалғыз жібермеуге шақырады. Бұдан бөлек солтүстік өңірлерде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Сондай-ақ екпінді жел күтіледі, - дейді синоптиктер. Солтүстік-батыс аймақта нөсер жауын жауып, соңы бұршаққа ұласуы мүмкін.

Асылбек Данияр


Хабарламаларға жазылу