Анталияда алапат орман өрті: Адамдар қауіпсіз жерге көшірілді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Анталияда алапат орман өрті: Адамдар қауіпсіз жерге көшірілді

29.07.2024

Түркияның Анталия қаласы маңында басталған алапат орман өртінің кесірінен адамдар қауіпсіз жерге көшірілді. Қатты желдің ықпалымен от жылдам тарап, бір елді мекенге қауіп төндірді. Облыс губернаторының хабарлауынша, орманға жақын орналасқан 30 үйдің адамдары көшірілген. 60 гектар алаңды шарпыған жалынмен өрт сөндірушілер түні бойы алысты. Қазір оттың таралуы тоқтатылды, мамандар өртті толық сөндіру жұмыстарымен айналысып жатыр. Тілсіз жаудан жарақат алғандар немесе қайтыс болғандар жоқ.

Хулуси Шахин, Анталия облысының губернаторы:

Өрттен бір үйге зақым келді. Сол себепті 30 үйді қауіпсіз жерге көшірдік. Бұдан басқа, адамдар да, төрт түлік мал да аман. Дегенмен арнайы комиссия өрт толық сөндірілген соң ғана нақты шығындарды есептейді. Әзірге өрттің нақты неден шыққаны белгісіз. Бұған қатысты тергеу жүріп жатыр. 

Хабарламаларға жазылу