Майқайыңдағы автобус апатына жұмыс беруші кінәлі – сот шешімі - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Майқайыңдағы автобус апатына жұмыс беруші кінәлі – сот шешімі

31.07.2024

Жұмыс беруші 100 пайыз кінәлі. «Майқайыңалтын» кәсіпорнының аппеляциялық шағымын қараған Астана қалалық сотының әкімшілік істер жөніндегі сот алқасы осындай тоқтамға келді. Яғни, Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының 2024 жылғы 16 сәуірдегі шешімі өзгеріссіз қалды.

Естеріңізге сала кетейік, 2024 жылғы 4 қаңтарда Майқайың жерасты кенішінің аумағында автобус шыңырауға құлап, төрт құтқарушы қаза тапты. Оқиға орнында тексеру жүргізген комиссия өндірістік қауіпсіздік талаптарының бұзылғандығын анықтап, жауапты тұлғалардың әрекетсіздігіне қатысты бірнеше дерек тапты. Кейін оны сараптама ұйымдарының қорытындыларымен растады. Қылмыстық іс қозғалып, бірнеше адам жауапқа тартылды. Оларға қатысты тергеу материалдары әзірге сотқа түскен жоқ. 


Болат Аманбаев

#апат #сот

Хабарламаларға жазылу