Үндістандағы көшкіннің кесірінен 165 адам қаза тапты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Үндістандағы көшкіннің кесірінен 165 адам қаза тапты

31.07.2024

Үндістанның оңтүстігіндегі Керала штатында лай көшкінінен қаза тапқандар саны 165-ке жетті. Тағы көп адам жоғалып кеткен. Дегенмен мыңнан астам тұрғын құтқарылды. Мұнда кеше таудан көшкен лай мен тасқын су шай алқабы мен шағын мекендерді басып қалған.

Жергілікті биліктің мәлімдеуінше, бұған бірнеше күн бойы толастамаған жаңбыр себеп болған. Нөсер жауын бүгін де жалғасуы мүмкін. Сондықтан іздеу-құтқару операциялары тағы да тежеледі деген болжам бар. 


Арыстан Рысбек

#үндістан #көшкін #апат #ауарайы

Хабарламаларға жазылу