Таразда түрмеден шыққан азамат әйелін өртеп жіберді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Таразда түрмеден шыққан азамат әйелін өртеп жіберді

31.07.2024

Тараз қаласында тұрмыстық жанжалдың соңы қайғылы жағдаймен аяқталды. Ер адам әйелінің үстіне бензин құйып, оны үйімен бірге өртеп жіберген. Жантүршігерлік жағдай кеше кешкі 23:00 шамасында болған. Денесін 98 пайыз күйік шалған әйел ауыр халде ауруханаға жеткізілгенімен, бүгін таң ата көз жұмды.

Ал әйелін қасақана өлтірген 54 жастағы азамат бұрын сотталып, жақында ғана түрмеден шыққан.

Облыстық полиция департаменті күдіктіні бірден іздеу жұмыстарына кірісті. Алайда оқиға орнына жақын жерден оның да өлі денесі табылған. 

#тараз #қылмыс

Хабарламаларға жазылу