1,15 млн гектар ауыл шаруашылығы жері мемлекетке қайтарылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

1,15 млн гектар ауыл шаруашылығы жері мемлекетке қайтарылды

31.07.2024

Бұл туралы Жер ресурстарын басқару комитетінің отырысында белгілі болды. Комитет алғашқы жартыжылдықта 2 600-ден астам тексеру жүргізіп, 2100-ден аса заңбұзушылықты анықтаған. Жер заңнамасын бұзғандарға 231 млн теңгедей айыппұл салынды. Ал қайтаруға тиіс болған 2 млн гектар жердің орнына 1,15 гектар жер ғана мемлекет меншігіне өткен. Ауыл шаруашылығы жерлерін қайтара алмай отырған өңірлердің бірі – ШҚО. Мұнда жоспардағы 60 мың гектардан 48,1 мың гектар, ал Атырау облысында 90 мың гектардан 16,8 мың гектар жер қайтарылды.

Айя Мүтәлі

Хабарламаларға жазылу