Елімізде шетелдік көлік көбейді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елімізде шетелдік көлік көбейді

31.07.2024

Елімізде шетелдік көлік көбейген. Биыл 58 мың 500 автомобиль сырттан әкелінді. Оның 46 пайызы, яғни 27 мың көлік Қытайдан импортталған. 

Яғни әрбір екінші шетелдік көлік Қытайдан келеді. Мамандар көрсеткіштің ұлғая береріне сенімді. Себебі бағасы басқаларына қарағанда арзандау. Қыста ғана көрші елден 130 млн долларға 10 мың көлік жеткізілген. Ал биыл импортталған көліктің 20 пайызы, яғни 4 мыңнан астамы АҚШ-тан, қалғаны Жапония, Оңтүстік Корея және Ресейден әкелінген.

Айя Мүтәлі


Хабарламаларға жазылу