Экологияға зиян келтіргендерге 40 млрд теңге айыппұл салынды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Экологияға зиян келтіргендерге 40 млрд теңге айыппұл салынды

01.08.2024

Экологияға зиян келтіргендерге 40 млрд теңге айыппұл салынды.  Экология және табиғи ресурстар министрлігі жыл басынан бері 489 тексеру жүргізіп, қоршаған ортаны ластау бойынша 1331 деректі анықтады. Нәтижесінде олар 40 млрд теңге айыппұл арқалады. Қазір оның 13,3 млрд-ы өндірілген. Бұдан бөлек жергілікті әкімдіктермен бірлесіп экологияны ластау бойынша кешенді шаралар қабылданған. Биыл бұл бағытта 164 шара іске асады.

Айя Мүтәлі

Хабарламаларға жазылу