Қасым-Жомарт Тоқаев Сердар Бердімұхамедовпен телефон арқылы сөйлесті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қасым-Жомарт Тоқаев Сердар Бердімұхамедовпен телефон арқылы сөйлесті

05.08.2024

Қазақстан мен Түрікменстан қатынастары қарқынды дамып келе жатыр. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Түрікменстан Президенті Сердар Бердімұхамедовпен телефон арқылы сөйлесуі кезінде осылай деді. Әңгімелесу барысында көлік-логистика, энергетика, мәдени-гуманитарлық және басқа да салалардағы екіжақты ынтымақтастықты одан әрі нығайтудың маңызды екені атап өтілді. Сондай-ақ Қазақстан Президентінің биыл күзде Түрікменстанға жоспарланған сапарының дайындық барысын талқылады.    

Хабарламаларға жазылу