Сыр өңіріндегі диқандар суды үнемдеу тәсіліне көшті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Сыр өңіріндегі диқандар суды үнемдеу тәсіліне көшті

06.08.2024

Қызылорда облысында шаруалар егінге суды үнемді пайдаланудың тың тәсілін қолға алды. Диқандар биыл күріштікке тіршілік нәрін тиімді жеткізу үшін Аустралия технологиясын қолданып отыр.

Бұл тәжірибе бүгінде оң нәтижесін беріп, егін алқабына келген аяқсуды үнемдеуге септігін тигізуде. Яғни атыздарға құятын арықтарға автоматтандырылған тоспа қойылған. Ол компьютерлік бағдарлама арқылы басқарылады. Бұл жүйе судың әр тамшысына дейін есептеп, жүйелі түрде егінге бөліп отырады. Австралиялық суару технологиясын мамандар алғаш рет Сыр өңірінде тәжірибеден өткізіп жатыр.

Ержан Төлегенов, Аустралиялық компанияның Қазақстандағы өкілі:

Биыл біз автоматтандырылған системаны қойдық. Күріш чектерінің деңгейін ұстау үшін бізде биыл 17 мың куб болып тұр 1 гектарына. Ол дегеніміз біз 10 мың куб суды гектарына үнемдеп жатырмыз. Өткен жылғы результатпен салыстырғанда. Бұл арнайы программамен жұмыс істейді. Біз 1 айға, 10 күнге режим қойып қоямыз. Сосын автоматты түрде құрылғы жасай береді.

Әділбек Серікұлы

Хабарламаларға жазылу