V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына билет сатыла бастады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына билет сатыла бастады

06.08.2024

V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының ашылу салтанатына билеттер сатылымға шықты. Астанада қыркүйек айында өтетін дүбірлі доданың жарыстарына арналған электрондық билеттерді де бүгіннен бастап сатып алуға болады. Ашылу салтанатының құны 15 мыңнан 50 мың теңге аралығында. Ал ойындардың билеті 700 теңгеден басталады. Мектеп оқушылары мен зейнеткерлерге 50 пайыздық жеңілдік қарастырылған. 5 жасқа дейінгі балалар тегін кіре алады, алайда оларға арнап орын бөлінбейтінін айта кетейік. Ал I және II топтағы ерекше жандарға билет тегін. Билеттерді жеңілдікпен немесе тегін алғыңыз келсе, офлайн кассаларға барып, тиісті құжаттарыңызды көрсету міндетті. Жалпы, билетті үйден шықпай-ақ,онлайн сатып алуға да болады.

Қаракөз Тұрмағанбет


Хабарламаларға жазылу