Париж Олимпиадасының жүлдегерлері елге оралды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Париж Олимпиадасының жүлдегерлері елге оралды

07.08.2024

Париж Олимпиадасында ел қоржынына алғаш жүлде салып, сәтті ойын бастаған Ислам Сатбаев пен Александра Ле, спорттық гимнастикадан күміс жүлдегер Нариман Құрбанов елге жетті. Жанкүйерлер чемпиондарды Алматы әуежайынан сән-салтанатпен, қошеметпен қарсы алды. Еуропа төрінен келгендерді алғашқы болып құттықтағандар қатарында менің әріптесім Жазира Оразқызы да бар.

 Жазира Оразқызы, тілші:

Алматы әуежайында дәл қазір дүбірлі той болып жатыр десек те болады. Қолдарына құшақ-құшақ гүл ұстап, әртүрлі қолдау жазулары бар плакат ұстаған халық таңертеңнен бері әуежайға ағылды. Мінеки, спортшыларымыздың да қарасы көрінді. Олар ұшақтан түсе салып, ағайындарына, жанкүйерлерге қарай келе жатыр. Біз де алғашқылардың бірі болып қазір құттықтаймыз. Міне, қараңыздаршы, қандай әдемі, қандай тарихи сәт! Жанкүйерлері ортаға алып, жібермей жатыр. Оркестр де ойнап жатыр. Нағыз той-думан! Спортшыларымыздың қуанышында шек жоқ.

Нариман Құрбанов! Құттықтаймыз! Әлі де спортшыларымыз келіп жатыр.

Ислам Сәтпаев! Жеңісіңіз құтты болсын! Қандай тамаша! Спортшыларымыздың жүзі жарқын! Ел қоржынына алғашқы медальді сыйлаған спортшыларымызды қараңыздаршы, қандай құрмет, қандай қошемет көрсетсек те, олар осыған лайықты! Спортшыларымызда арман жоқ шығар. Ал біз оларды күтіп алып, осылай құрметтеп, сіздермен сүйінші жаңалықтармен бөлісе берейік!


 Жазира Оразқызы

Хабарламаларға жазылу