Қазақстан мен Өзбекстан тауар айналымын 10 млрд долларға жеткізуге ниетті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстан мен Өзбекстан тауар айналымын 10 млрд долларға жеткізуге ниетті

07.08.2024

Қазақстан мен Өзбекстан тауар айналымын 10 млрд долларға жеткізуді көздейді. Бүгін елордада өткен Қазақстан мен Өзбекстан іскерлік кеңесінің алтыншы отырысында тараптар осылай деді. Қазақстан - Өзбекстанның үшінші сауда серіктесі. Екі жыл бұрын тауар айналымы 5 млрд долларды құрап, рекордтық көрсеткішке жеткен еді. Негізгі экспортталатын тауардың көшінде ауыл шаруашылығы өнімдері тұр. Ендігі кезекте саланы түрлендіру мақсаты тұр. Жаңа энергетика мен технологияға ден қойылмақ.

Өткен жылы екі елдің тауар айналымы 4,4 млрд долларды көрсетті. Оның 1,7 млрд-ы агроөнеркәсіп кешеніне тиесілі. Қазақстаннан Өзбекстанға экспортталған тауар көлемі 1, 5 млрд доллар, импорт 200 млн доллар.

Мұрат Қарымсақов, Қазақстан сыртқы сауда палатасының президенті:

Өзбекстан тарапы жаңа энергетика, ауыл шаруашылығы, транспорт, логистика салаларына қызығушылық танытып отыр. Бидай өңдеу, ауылшаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу бойынша мүмкіндіктерімізді ұсынамыз. Біздің елден 70, Өзбекстаннан 30-дан астам компания өкілдері кездесіп, мәмілеге келмек. Екі ел көршілес жақын орналасқандықтан бірлескен ортақ жобаларды жүзеге асырудың мүмкіндігі көп.

Раушан Сайлауқызы

Хабарламаларға жазылу