Өзбекстан Президенті Ш.Мирзиёев Қазақстанға мемлекеттік сапармен келді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Өзбекстан Президенті Ш.Мирзиёев Қазақстанға мемлекеттік сапармен келді

07.08.2024

Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёев Қазақстанға мемлекеттік сапармен келді. Мәртебелі мейманды Қасым-Жомарт Тоқаев елорда әуежайынан өзі қарсы алды. Салтанатты қарсы алу кезінде Құрмет қарауылы ротасы сап түзеп тұрды. Бұл мемлекеттік сапар аясында жоғары деңгейде екіжақты келіссөздер жүргізіліп, бірқатар маңызды құжатқа қол қойылады деп жоспарланып отыр.


Хабарламаларға жазылу