Астаналықтар Нұрбек Оралбайға жанкүйер болды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Астаналықтар Нұрбек Оралбайға жанкүйер болды

08.08.2024

Астаналықтар бокстан күміс жүлде ұтқан Нұрбек Оралбайға жанкүйер болды. Бапкерлер, жас боксшылар, пара спортшылар мен қала тұрғындары №3 Олимпиада резервінің балалар мен жасөспірімдер спорт мектебіне жиналып, жекпе-жекті тікелей эфирден тамашалады.

Жанкүйерлердің дәл осы жаттығу залында жиналуы тегін емес. Өйткені, ағайынды Айбек пен Нұрбек Оралбай 11 жасынан бастап аталған мекемеден тәлім алған. Финалдық жұдырықтасуды соңына дейін көрген спорт сүйер қауым Нұрбектің «күмісін» алтынға балады.

Азамат Туямашев, бокс бапкері:

Біз үшін Нұрбек батыр болып қала береді. Біз үшін күмісінің өзі алтынға татитды. Көз алдымызда өскен кішкентай ғана батыр, біз үшін алтын болып саналады. Негізі жақсы бокстасты.


Асылбек Данияр

Хабарламаларға жазылу