Өзбекстанда қазақстандық университет филиалы ашылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Өзбекстанда қазақстандық университет филиалы ашылды

08.08.2024

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Шавкат Мирзиёев бүгін бірқатар нысанның ашылуына қатысты.

Сонымен Алматыда «Ташкент ирригация және ауыл шаруашылығын механикаландыру инженерлері» институтының филиалы ашылды. Ал Шыршық қаласында Мұхтар Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан зерттеу университетінің филиалы құрылды. Мемлекет басшылары салтанатты іс-шараны бейнебайланыс арқылы тамашалады. Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек пен Өзбекстанның Білім министрі атқарылған жұмыстарды саралап, ынтымақтастықтың басым бағыттарын баяндады. Олар қазақ-өзбек байланысы енді ғылым-білім саласында да нығая түсетінін атап өтті.

Саясат Нұрбек, ҚР Ғылым және жоғары білім министрі:

Ташкент университетімен бірігіп, шаруашылық, су, ирригация, техника, жалпы су мәселелері бойынша арнайы бағдарламалар ашылады. Қазіргі уақытта Орта Азия аймағы үшін су өте үлкен мәселеге айналуда.  Бұл - ортақ мәселе. Арал, Сырдария мәселесі бар. 

Айя Мүтәлі


Хабарламаларға жазылу