Экс-министр Е.Тұрғымбаев 5 жылға шартты түрде сотталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Экс-министр Е.Тұрғымбаев 5 жылға шартты түрде сотталды

08.08.2024

Экс-министр Ерлан Тұрғымбаев 5 жылға шартты түрде сотталды. Астананың қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық соты бұрынғы Ішкі істер министріне осындай үкім кесті. Тұрғымбаев ауыр зардаптарға әкеліп соқтырған лауазымдық өкілеттігін асыра пайдалану бабы бойынша кінәлі деп танылды. «Құпия» санатындағы іс кінәні мойындау түріндегі процессуалдық келісіммен келіп түскен.

Сондықтан оны қарау бітімгершілік іс жүргізу тәртібімен жабық тәртіпте өтті. Прокурор экс-министрді 5 жылға бас бостандығынан айыруды сұрады. Бірақ сот пробациялық бақылаумен шартты түрде жаза тағайындады. Және 10 жылға белгілі бір лауазымды атқаруға тыйым салды.

Самал Қабышева


Хабарламаларға жазылу