Елімізде тұңғыш рет «Ұлы дала жорығы» халықаралық марафон-бәйгесі өтеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елімізде тұңғыш рет «Ұлы дала жорығы» халықаралық марафон-бәйгесі өтеді

08.08.2024

V Дүниежүзілік көшпенділер ойындары қарсаңында елімізде тұңғыш рет «Ұлы дала жорығы» халықаралық марафон-бәйгесі өтеді. Оған Иран, Түркия, Венгрия, Қырғызстан, Оңтүстік Африка Республикасы мен Ресейден 20-ға жуық команда қатысады деп күтіліп отыр. Шабандоздар 500 шақырымды еңсеруі тиіс. Марафон-бәйге 5 мың жыл бұрын адам баласы жылқы малын алғаш рет қолға үйреткен Солтүстік Қазақстан облысындағы Ботай елді мекенінде басталады. 3-7 қыркүйек аралығында өтетін ауқымды спорттық шарада әлемдегі үздік жылқы тұқымы анықталмақ.

Хабарламаларға жазылу