Аляскада мұздық еріп, бөгет бұзылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Аляскада мұздық еріп, бөгет бұзылды

09.08.2024

Аляскада Менденхолл мұздығы еріп, Джуно қаласында бөгет бұзылған. Өзен суы рекордтық деңгейге көтерілді. Осыған байланысты штатта төтенше жағдай жарияланды. 100-ден астам үйге зақым келді. Жергілікті билік үйін су шайған тұрғындарды мектептерге орналастырған. Ғалымдар мұздықтың еруін климаттың ғаламдық жылыну құбылысымен байланыстырып отыр. 


Арай Төлегенқызы

Хабарламаларға жазылу