Қасым-Жомарт Тоқаев Орталық Азия басшыларымен бірге «Достық кеші» гала-концертін көрді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қасым-Жомарт Тоқаев Орталық Азия басшыларымен бірге «Достық кеші» гала-концертін көрді

09.08.2024

Қасым-Жомарт Тоқаев Астанаға арнайы келген мемлекет басшыларымен бірге «Достық кеші» гала-концертін тамашалады.

Мәртебелі меймандардың құрметіне ұйымдастырылған концерттік бағдарлама аясында қазақ, өзбек, қырғыз, тәжік, әзербайжан халқының әндері мен билері орындалды. Сондай-ақ көрермендердің назарына ұлттық музыкалық аспаптар ансамблінің сүйемелдеуімен «Достық дивертисменті» ұсынылды.

Лидерлер «Астана опера» вестибюлінде «Шығармашылық жаңғырығы» көрмесімен де танысты. Онда қазақстандық танымал суретшілердің туындылары мен Орталық Азия елдері бейнелеу өнері шеберлерінің еңбектері қойылған.


Жандос Темірғали

Хабарламаларға жазылу