Түркия ақпарат құралдары V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарын насихаттайды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Түркия ақпарат құралдары V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарын насихаттайды

09.08.2024

Қыркүйекте Астанада өтетін Дүниежүзілік көшпенділер ойындарын Түркия ақпарат құралдарында кеңінен насихаттау еліміз үшін маңызды. Түркиялық медиахолдингтер бұл бағытта Қазақстанмен бірлесе жұмыс істеуге әзір. Анадолы елінің жетекші ақпарат құралдары өкілдері Қазақстанның Түркиядағы елшісімен және Ыстамбұлдағы Бас консулымен өткен кездесуде осындай пікір білдірді. Екі ел арасындағы сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық байланыстың нығая түсуіне ақпарат құралдарының ықпалы зор. Сондықтан Түркия тарапы Қазақстанмен медиа саласындағы ынтымақты арттыруға мүдделі.

Нихат Ұлыдағ, «СNN TÜRK» арнасының жаңалықтар бөлімінің басшысы:

Медиа саласындағы байланыс қаншалықты мықты болса, екі елдің қарым-қатынасы да соншалықты күшті болады деп ойлаймын. Себебі бауырлас елдердің бір бірін жақын тануына ақпарат құралдарының ықпалы зор. Сондықтан қазақстандық әріптестерімізбен жиі кездесіп тұрсақ, жас мамандарды әкеліп, өзара тәжірибе алмассақ, екі ел үшін де тиімді болар еді.


Айдос Әшімұлы

Хабарламаларға жазылу