Биыл ұлы Абайдың туғанына 179 жыл толды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Биыл ұлы Абайдың туғанына 179 жыл толды

09.08.2024

Бүгін Алматыда зиялы қауым өкілдері Абай ескерткішіне гүл шоқтарын қойды. Биыл ұлы Абайдың туғанына 179 жыл толды.

Салтанатты іс-шара Абай алаңында өтті. Оған Мәжіліс депутаттары, Алматыдағы Қытай Халық Республикасының Бас консулы Цзян Вэй, ақын-жазушылар мен қала тұрғындары қатысты. «Абай күні» аясында ұйымдастырылған жиында «Адамзаттың Абайы» атты жыр мүшайра өтті. Шараға келушілер ұлы ақынның халық арасында кең таралған, ең танымал шығармаларынан үзінді оқыды. Содан соң қала қонақтары кітаптар мен этноөнімдер көрмесін тамашалады.

Қазыбек Иса, Мәжіліс депутаты, ақын:

Әлемде мынау Шекспирдің күні, Гетенің күні, Пушкин, Науаи күні қалай өтсе, түрікмендерде Мықтымқұлдың күні, бізде осы Абайдың күні солай аталып өтеді. Әркім өзіне үлкен ақын болса да, кіші ақын болса да, жасы мен жасамысы да, дана ақын, дара ақын, бала ақын осы жерге келіп Абайға арнаған арнауларын оқиды. Ол сондай дәстүр.


Айдана Қуантхан

Хабарламаларға жазылу