Ақтауда 100-ге жуық сарбазға несиелік демалыс берілді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ақтауда 100-ге жуық сарбазға несиелік демалыс берілді

09.08.2024

Ақтауда теңіз жаяу әскерлері бригадасындағы жүзге жуық сарбазға несиелік демалыс берілді. Бұл әскери бөлім мен екінші деңгейлі қаржы ұйымдары арасында жасалған келісімшарттың негізінде жүзеге асты. Енді сарбаз банктен алған берешегін қайтару мерзімін 13 айға дейін шегере алады. Ал 1 жылдан кейін үйіне оралғанда несиесін төлеуді жалғастырады. Қатардағы жауынгер Ұлан Манарбеков мұндай мүмкіндік берілгеніне қуанышты. Ол әскерге шақыртылғанға дейін банктен 200 мың теңге несие алған.

Ұлан Манарбеков, гвардия қатардағы жауынгері:

Осыдан 6 ай бұрын алғанмын. Бір жылға жаңағы бір ай қосылып, өзім жұмыс істеп, жалақымды алғанша кредит тоқтайды екен. Қазір өзім еш уайымсыз әскери қызметімді орындап жатырмын.

Сүндет Төле, №25744 Әскери бөлімі артиллериялық дивизион командирінің орынбасары:

Әскери бөлімде қызмет етіп жатыр деген анықтама және сарбаздың жеке куәлігін алып, банкке барамыз. Банктер сол құжаттарды қарастырып, бізге жауабын береді. Жауабын бергеннен кейін 13 ай мерзімге сарбаздар кредиттерін тоқтатып, еш алаңсыз қызмет ете алады. 


Аягөз Оралбайқызы

Хабарламаларға жазылу