Париж-2024: Олимпиаданың аяқталуына 2 күн қалды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Париж-2024: Олимпиаданың аяқталуына 2 күн қалды

09.08.2024

Бүгін таэквондо мен еркін күрестен спортшыларымыз жарысқа шықты. Өкінішке қарай, олардың жолы болмады. Жерлестеріміздің нәтижелері туралы Парижде жүрген тілшіміз Нұрсұлтан Тілектес баяндауға дайын. 

Нұрсұлтан Тілектес, тілші:

Бүгінгі жарыс жолына алғашқы болып 80 келі салмақта таэквондошы Батырхан Төлеуғали шықты. Жерлесіміз біріші айналымда Мали елінің өкілінен 2:1 басым түсті. Ал екінші айналымда италиялық спортшыдан жеңіліп қалды. Айта кету керек, Батырхан - жастар арасында таэквандодан Әлем чемпионатының қола жүлдегері. Бүгін еркін күрестен де белдесулер өтті. Қазақстан атынан боз кілемге Юсуп Батурмұрзаев шықты. Балуанымыз бірінші айналымда Польша елінің өкілімен күресіп, 4:1 есебімен ұтылып қалды. 

Нұрсұлтан Тілектес, тілші:

Ертең брейкингтен Ұлттық құрама спортшысы Амир Закиров сынға түседі. Оның қарсыластары белгілі болды. Жерлесіміз Нидерланд, Марокко және Қытай өкілдерімен бақ сынайды. Сондай-ақ еркін күрестен де белдесулер бар. Ел қоржынына жүлде түседі деген үміттеміз. Әзірге Ұлттық құрама еншісінде 7 медаль бар.


Нұрсұлтан Тілектес

Хабарламаларға жазылу