Алматыда «Абай әлемі» концерт-спектаклі өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматыда «Абай әлемі» концерт-спектаклі өтті

10.08.2024

Абай күнін атап өту – ұлттық мәдениет пен руханиятқа, ақындар мен жазушыларға, абайтанушыларға деген үлкен құрмет. Алматыдағы «Алатау» дәстүрлі өнер театрында «Абай әлемі» концерт-спектаклі өтті.

Абайдың өмір жолынан сыр шертетін концерттік спектакльде жас Абай, күрескер Абай, дана Абайдың үш бейнесі сомдалды. Есімі күллі әлемге мәшһүр Хакім Абайды сахнаға бейімдеп, көрерменге ұсынған режиссер – Фархад Молдағали. Кеште ақынның 20-дан астам әні жанды дауыста шырқалды. Ұлық тұлғаның ұлы бейнесін елімізге танымал сахна саңлақтары Болат Әбділманов пен Ерлан Біләл сомдады.

Болат Әбділманов, актер, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері:

Әлемнің ғалымдары Абайды Конфуцийдан да жоғары қояды. Өйткені сол Конфуциймен Қытай ұлы мемлекетке айналып отыр. Адамдықтың қарызы үшін қазіргі жастарымыз білімге, еңбекке, ғылымға қарай ұмтылып, елін, жерін қорғап, өзінің патриоттық сезімдерін оятып, осының бәрі адамдықтың қарызы деп есептеледі.

Фархад Молдағали, режиссер:

Көрерменге ауыр салмақсыз демалыс сыйласақ, Абайдың өлеңдерін, өсиеттерін, әндерін қайтадан бір құлағымызда, миымызда жаңғыртсақ деген ниетпен жасалған дүние.


Айдана Қуантхан

Хабарламаларға жазылу