Ертең - Құрылысшылар күні - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ертең - Құрылысшылар күні

10.08.2024

Ел дамуына, өркениеттің қалыптасуына елеулі үлес қосатын мамандардың еңбегі ерен. Салада 40 жылға жуық қызмет ететін Елік Ақановтың айтуынша, құрылысшы болу - бұл ғасырда өз қолтаңбаңды қалдырумен тең.

Дегенмен, көк аспанмен таласып, зәулім сарайлар салып жүргенде, қызметкерлерге төнетін қауіп көп екені де рас. Ол өзі бірнеше мәрте жарақат алса да, сәулет өнерінен бас тартпағанын айтады.

Елік Ақанов, құрылысшы:

Бұл ата кәсіп. Қоғамның ажырамас бөлшегі, құрылысшылар - болашақты қалаушы мамандық. Өмірміді осы салаға арнағаныма еш өкінген емеспін. 38 жыл жұмыс істеп жүріп, 1 рет денсаулығыма қатты зиян келді. Құрылыс кезінде қорғаныс бетпердесін кимей, бояғыштардың иісінен ұшынып қалғаным бар. Содан 1 ай бойы төсекте жатып қалдым. Қалай болса да, бұл саланы жаным сүйеді.


Динара Жарқынбек

Хабарламаларға жазылу