Париж Олимпиадасының күміс жүлдегері Демеу Жадыраев елге оралды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Париж Олимпиадасының күміс жүлдегері Демеу Жадыраев елге оралды

10.08.2024

Елге оралған Париж Олимпиадасының грек-рим күресінен күміс жүлдегері Демеу Жадыраевты, әуежайдан туған-туыс, дос-жаран мен жанкүйерлер осылай, ерекше құрмет көрсетіп, мойнына көтеріп алып шықты.

Қолдап келгендердің қатарында Демеуге медеу болған анасы Күлипа Бижанова да бар. Жазғы Олимпиадада 77 келі салмақ дәрежесінде өнер көрсеткен балуанымыз жартылай финалда Әлем чемпионатының 2 мәрте күміс жүлдегері Санан Сүлеймановты жеңген еді. Тәуелсіз Қазақстан тарихында бұл салмақта бірде-бір спортшымыз Олимпиаданың финалында күреспеген. Қазақы салт-дәстүрмен Еуропа төрінен жеңіспен келген жүлдегерге шапан жабылды.

Демеу Жадыраев, Олимпиаданың күміс жүлдегері:

Әрине,ел үшін, жер үшін болғасын, барымызды салдық. Бұйырғаны күміс болды+ Кілем деген сондай нәрсе, бір күн былай, бір күн жеңесің, бір күн жеңілесің.

Күлипа Бижанова, Демеу Жадыраевтың анасы:

Талай жылғы еңбегі ғой, осы олимпиадаға барғанда орын алсам екен деп армандап барды, арманды орындалды баламның. Көк туымызды желбіретіп, Қазақстанымыздың байрағын көтергенде, бәріміз қуандық, үй-ішімізбен қуандық.

Жазира Оразқызы

Хабарламаларға жазылу