Париждегі Қазақстан елшілігінде Назым Қызайбайды құттықтау рәсімі өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Париждегі Қазақстан елшілігінде Назым Қызайбайды құттықтау рәсімі өтті

10.08.2024

Париждегі қазақ диаспорасының өкілдері Олимпиада ойындарының қола жүлдегері Назым Қызайбайды құттықтап, естелік сыйлықтарын табыстады.

Шараға Қазақстанның Франциядағы елшісі, Туризм және спорт министрлігінің өкілдері қатысып, спортшымызға жылы лебіздерін айтып, Париж төрінде Қазақстанның намысын қорғап, көк туымызды желбіреткені үшін алғысын айтты. Алтын ала алмағына қынжылып жүрген Назымның өзі мұндай қолдауға ие болғанына қуанышты екенін айтып, 2028 жылы АҚШ-тың Лос-Анджелес қаласында өтетін Олимпиада ойындарына мықты дайындықпен барып, чемпион атану үшін барын салатынын жеткізді.


Нұрсұлтан Тілектес

Хабарламаларға жазылу