Шахтинск қаласында «Таза орман» акциясы өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Шахтинск қаласында «Таза орман» акциясы өтті

12.08.2024

Қарағанды облысы Шахтинск қаласында «Таза орман» акциясы өтті. Спортшылар мен «Жасыл ел» жасағынан құралған 50-ге тарта еріктілер 722 гектар жерді алып жатқан орман белдеуін тазалады. Бұл - қала тұрғындарының демалып, спортпен шұғылданатын сүйікті орны. Шахтинск қаласында «Таза Қазақстан» акциясы басталғалы 100-ден астам еңбек ұжымы мен 10 мыңға жуық тұрғын қатысты. Осы уақыт ішінде 15 мың тоннадан астам қалдық шығарылды, саябақ, алаң, ескерткіштер аумағы тазартылды, мыңнан астам көшет егілді.

Арсен Есенгелдіұлы, «Жасыл ел» жасағының мүшесі:

Балаларымыз «Таза Қазақстанда» өмір сүреді. Өзімізге де кір жерде жүрсек жиіркенішті. Қоқыс бәрін жинап жүрміз. Адамдар шашады біз жинаймыз. Қаланы таза ұстайық. Сол кеңесім. Қаланы таза ұстасақ, өзіміз де таза жүреміз.

Жандос Бақытұлы

Хабарламаларға жазылу