Грекияда мыңдаған адам қауіпсіз жерге көшірілді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Грекияда мыңдаған адам қауіпсіз жерге көшірілді

12.08.2024

Грекияның тарихи Марафон қаласында алапат орман өртіне байланысты 30 мың тұрғын эвакуацияланды. Олар көршілес қалаға көшіріліп 2004 жылы Олимпиада өткен кешенге жайғастырылды. Қою түтіннен бірнеше адамның тыныс алуы қиындап, ауруханаға түскен. Лапылдаған жалынды сөндіруге өрт сөндірушілерге еріктілер көмектесіп жатыр. Алайда құрғақ, ыстық ауа райы отты бақылауға алуды қиындатып отыр. Жақын маңдағы елдімекен тұрғындарына да кез келген уақытта қауіпсіз жерге көшуге дайын болу туралы ескертілді.

Арай Төлегенқызы

Хабарламаларға жазылу