Грекиядағы өрт Афины қаласына жетті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Грекиядағы өрт Афины қаласына жетті

13.08.2024

Грекияда қаулап жатқан орман өрті ел астанасы Афины сыртына жетті. Мыңдаған адам үйлерін тастап кеткен. Лапылдаған жалынның биіктігі 25 метрге жетті. Афинының солтүстік шығыс аудандары мен іргелес қалалаларында баспаналар өртке оранған. Отты тоқтатуға күшті жел, құрғақ әрі күннің ыстығы кедергі келтіріп отыр. Бұған қоса тұрғындардың айтуынша, өрт сөндірушілер мен арнайы техника жетіспейді. Грекия билігі халықаралық қауымдастықтың жәрдеміне жүгінді. Афиныға Испания, Италия, Түркия мен Канада тәрізді тағы бірқатар елден көмек жетпек.


Арай Төлегенқызы

Хабарламаларға жазылу