Францияда аптап ыстыққа байланысты дабыл қағылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Францияда аптап ыстыққа байланысты дабыл қағылды

13.08.2024

Франция астанасы Парижде 40 градус аптап ыстық. Сонымен қатар елдің 44 департаментінде күннің шыжуына байланысты сарғылт түсті ескерту жарияланған. Қала тұрғындары мен қонақтары ыстықтан қорғану үшін Сена өзенінің жағасында жүр. «Метео Франс» ауа-райы қызметі халыққа күннен барынша қорғануды ескертті. Франциядан бөлек Еуропаның Италия, Грекия және Испания елдері аптап ыстықты бастан өткеріп жатыр.


Арай Төлегенқызы

Хабарламаларға жазылу