Лос-Анджелесте 4,4 балдық зілзала болды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Лос-Анджелесте 4,4 балдық зілзала болды

13.08.2024

АҚШ-ты қуаты 4,4 балдық зілзала теңселтті. Дүмпу Лос-Анджелестен бастап Сан-Диего қаласына дейінгі аралықта сезілген. Ғимараттар қозғалып, көлік дабылы іске қосылды. Зілзала кезінде кейбір нысандарда су құбыры жарылған. АҚШ-тың ұлттық ауа-райы қызметі цунами қаупін жоққа шығарды. Бұдан екі апта бұрын өңірде магнитудасы 5,2 балл жер сілкінісі тіркелген еді. Екі зілзаладан келген шығын жоқ.  


Арай Төлегенқызы

Хабарламаларға жазылу