Қостанай облысында «Таза қайың тоғайы» экологиялық акциясы өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қостанай облысында «Таза қайың тоғайы» экологиялық акциясы өтті

13.08.2024

Қостанай облысы Майкөл ауылдық округінде «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында «Таза қайың тоғайы» экологиялық акциясы ұйымдастырылды. Бұл шарада ауылдың айшығына айналған қайыңды орман күл-қоқыстан тазартылды. Экоакцияға ауыл тұрғындары, мемлекеттік қызметкерлер мен ерікті жастар қатысты. Майкөл ауылының орталығында орналасқан қайың тоғайы ауылдың тарихи орындарының бірі. Мұндағы ағаштарды өткен ғасырдың 50-жылдары ауыл тұрғындары өздері отырғызған.

Берік Масақбаев, Майкөл ауылдық округінің жалпы білім беретін мектебінің директоры:

Осы республикалық бағдарлама бойынша ауылдың шетінде жиналдық. «Березовый роща»  дейді, 50-ші жылдары салынған ағаштар қазір соның бәрі өсіп, осыларды жинауға жиналып отырмыз. Барлығы жиналды үлкен адамдар, кішкентай балалар, оқушылар, мұғалімдер, әкімдік адамдары территориямызды жинап жатырмыз. 


Хабарламаларға жазылу