Алматыда «Бір дастархан – бір шаңырақ» аспаздық шарасы өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматыда «Бір дастархан – бір шаңырақ» аспаздық шарасы өтті

15.08.2024

Бір дастархан – бір шаңырақ». Алматыда Қазақстан халқы Ассамблеясының қолдауымен аспаздық шарасы өтті. КСМ: Бастаманың авторы – Сенат депутаты, «Ильдаш» татар этномәдени-гуманитарлық даму орталығының төрайымы Нүрия Ниязова. Шараға қатысушылар, бас тағам ретінде қазақтың дәстүрлі «Сірнесін» бірігіп әзірледі. Сондай-ақ, түрлі этномәдени бірлестік өкілдері құрамы «Сірнеге» ұқсас өз ұлттық дәмін дайындады. Шеберлік сабағына қатысушылар түрлі тақырыпта пікір алмасып, салт-дәстүрді сақтау, мәдениетаралық диалогты нығайту мәселелерін талқылады.

Омар Мохаммедсаруар, ҚХА мүшесі:

Бұның мағынасы тек тамақ дайындауда емес, 01:00 кезінде тарихта да Қазақ елі келіп жатқан ұлттарға көмек қолын созып, тамағын берген. Бүгінгі таңда біз осы Қазақ елін құрметтеп, қазақ тілін, ділін, мәдениетін қолдап жатырмыз.


Хабарламаларға жазылу