Пуэрто-Рикода тұрғындардың жартысына жуығы жарықсыз қалды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Пуэрто-Рикода тұрғындардың жартысына жуығы жарықсыз қалды

15.08.2024

Пуэрто-Рикода «Эрнесто» дауылы ойран салды. Мұнда жел сағатына 120 шақырым жылдамдықпен соққан. Табиғи апаттан 725 мың баспана мен өнеркәсіп жарықсыз қалды. Электр қуатын беру қашан қалпына келетіні белгісіз. Халықаралық әуежай 150-ге жуық ұшақ рейсін кейінге қалдырды. Пуэрто-Риконың энергетикалық жүйесі әлсіз. Бұдан екі жыл бұрын болған дүлей дауылдан тұрғындар бір ай бойы жарықсыз қалған еді.

Арай Төлегенқызы


Хабарламаларға жазылу