Баянауылда құстар қырылып жатыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Баянауылда құстар қырылып жатыр

15.08.2024

Павлодар облысының Баянауыл ауданында жабайы құстар қырылып жатыр. Қосшалқар көлінен алдымен сарыала қаздардың өлексесі табылды. Кейін аққулар мен басқа да құстардың өлгені анықталды. Ветеринария комитетінің мамандары індеттің себебін анықтау үшін сынама алды. Қазір Баянауыл ұлттық табиғи паркінің қызметкерлері мен сол маңдағы ауыл тұрғындары көлді өлекседен тазалап жатыр.
 
Руслан Төлепбаев, Облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясының басшысы:
Енді екі нұсқа бізде. Бірінші, сол құстардың ауруы болуы мүмкін деп ойлаймыз. Екіншіден, сол көлдің маңында жаңағы ауылшаруашылық қожалықтары бар екен. Олар өздерінің егістіктерін пестицидтермен уландырған. Мүмкін содан ба деп ойлаймыз.

Болат Аманбаев

Хабарламаларға жазылу