Астанада жас шекарашылар қалашығы ашылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Астанада жас шекарашылар қалашығы ашылды

15.08.2024

Астанада жас шекарашылар қалашығы ашылды. Орталық Елорда іргесіндегі «Batyrlar» әскери-патриоттық мекемесінде орналасқан. Оған қарулы күштер, төтенше жағдайлар мен Ұлттық ұлан сарбаздары келіп, тегін оқу-жаттығудан өте алады. Шағын қалашық толығымен шекара қызметі құралдарымен жабдықталған. Орталыққа 7-сыныптан бастап қабылдайды. Бүгін салтанатты ашылу рәсімінде оқушылар оқу-жаттығу түріндегі қойылым көрсетті.

Сонымен қатар, әскери-патриоттық орталықтың техникалық-материалдық базасы таныстырылды.



Хабарламаларға жазылу