Токиоға «Ампил» дауылы жақындап қалды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Токиоға «Ампил» дауылы жақындап қалды

16.08.2024

Жапония астанасы Токиоға «Ампил» дауылы жақындап қалды. Қалада нөсер жауын құйып тұр. Бұған қоса электр жарығы өшкен. 10 мыңдай тұрғын қауіпсіз жерге көшірілді. Дауылға байланысты елде 500-дей ішкі әуе рейсі доғарылған. Бұл 100 мыңдай жолаушыға әсер етті. Ал елдің шығысы мен солтүстік-шығысында жүрдек пойыз қатынасы шектелген. Елдің метеорология агенттігі су тасып, лай көшкіні жүруі және күшті қатты жел соғуы мүмкін екенін ескертіп отыр. 

Арай Төлегенқызы

Хабарламаларға жазылу