Астанада «Jas Kenes Syilygy» жобасының жеңімпаздары марапатталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Астанада «Jas Kenes Syilygy» жобасының жеңімпаздары марапатталды

16.08.2024

Астанада «Jas Kenes Syilygy» жобасының жеңімпаздары марапатталды. Тұңғыш рет ұйымдастырылған шарада үздіктер 7 номинация бойынша анықталды. Ал шараның мақсаты - Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес қоғамдағы «Еңбек адамы» мәртебесіне қолдау көрсету.

Ерлан Қарин, ҚР Мемлекеттік кеңесшісі:

Қарапайым еңбек адамдары, қарапайым полиция қызметкерін, құтқарушыны, өнеркәсіпте жүрген, әр түрлі салада жүрген қарапайым жас азаматтарды осылай жинап, осылай атайтын болсақ, елімізде жақсы бір дәстүрді қалыптастыратын едік.

Байқауды Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы жастар саясаты жөніндегі кеңес мүшелері ұйымдастырды. Шараға өңірлерден «Жанқиярлық», «Өнеркәсіп», «Болашаққа деген қамқорлық», «Алтын жүрек», «Адамгершілік», «Біздің үй» және «Көмек қолы» номинациясы бойынша 700-ден астам өтініш келіп түсті. Нәтижесінде 7 номинация бойынша 2 жеңімпаздан анықталды.

Олжас Сүлеймен, ҚР Президенті жанындағы жастар саясаты жөніндегі кеңесі төрағасының орынбасары:

Біздің шарамыздың ойы ешқандай бюджетсіз өзіміздің жеке қаражатымызға демеушілерді тартудың арқасында осы сыйлықты ұйымдастырып отырмыз. Әр жеңімпаз бір миллион теңге премиясын алады. Ең бастысы олардың жұмысын бағалап, ынта беру.

Самал Қабышева

Хабарламаларға жазылу