Қарағанды облысында Карлаг музейінің аумағы тазаланды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қарағанды облысында Карлаг музейінің аумағы тазаланды

16.08.2024

Қарағанды облысында саяси қуғын-сүргін құрбандарына арналған ҚарЛАГ музейінің аумағы қоқыстан тазартылды. Тазалық акциясына мекеме қызметкерлері мен еріктілер қатысты. Жиналғандар ағаш-талдардың қурағанын бұтап, гүлзарларды тазалады. Еңбекпен түзеу лагерінің басқарма ғимараты болған тарихи орынға күні бүгінге дейін қуғын-сүргін құрбандарының ұрпақтары мен шетелдік туристер жиі келеді.

Жастар Ертіс жағалауын тазартты

Ал Павлодарда еріктілер Усолка шағын ауданында Ертіс өзенінің жағалауын тазартты. Әп-сәтте белсенді жастар 20 қап қоқыс жинап алды. Таза Қазақстан акциясы басталғалы өңірде Жасыл ел, Эко-десант жасағының белсенділері тазалық жұмыстарына шығып, көпшілікті қоршаған ортаға бей-жай қарамауға, экологиялық мәдениетті қалыптасыруға үндеп жүр.

Жандос Бақытұлы


Хабарламаларға жазылу