Түркияда орман өртінен 3,5 мың адам қауіпсіз жерге көшірілді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Түркияда орман өртінен 3,5 мың адам қауіпсіз жерге көшірілді

17.08.2024

Түркияда орман өрті кезінде 3,5 мың адам қауіпсіз жерге көшірілді. Лапылдаған жалын тұрғын үйлерге жеткен. Тілсіз жау елдің Измир, Айдын, Болу, Муғла және Маниса тәрізді 5 провинциясын шарпыды. Өртті сөндіруге 4 мыңнан астам маман, 1200 дана техника тартылған. Екпінді жел жалынды ауыздықтауға кедергі келтіріп жатыр. Измирде өрт бейсенбінің кешінде басталды. Орман шаруашылығы министрлігінің мәліметінше, өрттің тұтануына табиғат аясына демалуға шыққан үш адам кінәлі. Қазір олардың аты-жөні анықталып жатыр.

Арай Төлегенқызы

Хабарламаларға жазылу