Президенттің жеке мобилографы болуға байқау жарияланды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Президенттің жеке мобилографы болуға байқау жарияланды

17.08.2024

Кез келген қазақстандық Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бір күндік жеке мобилографы бола алады. Президенттің Баспасөз қызметі кретивті жастар үшін арнайы байқау жариялады.

Байқау шарттары былай. Қатысушылар 8-13 қыркүйек аралығында өтетін V Дүниежүзілік Көшпенділер ойындары туралы креативті промо-ролик түсіруі қажет. Оны Tiktok, Instagram және WhatsApp статусы арқылы жариялауы шарт. Бұл ретте, міндетті түрде #nomadgamesfest хештегті қолдану керек.

Ең кретивті бейнероликтің авторы президенттің бір күндік жеке мобилографы болуға мүмкіндік алады. Әрі смартфон мен 1 млн теңге беріледі. Өзге 200 қатысушыға да арнайы сый-сияпат бар. Бейнероликтер 1 қыркүйекке дейін қабылданады. Ал жеңімпаз 9 қыркүйек күні анықталады.

Айя Мүтәлі

Хабарламаларға жазылу